Желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетуі мүмкін

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша ҚҚ №3 Дауылды алдын алу ескертпесіне сай, 14 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел соғады күші 17-22 м/с, екпіні 25 м/с болуы ықтимал делінген.

Сол себепті,  Сіздерге ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабырлық сақтап, өз үйлеріңізде дауылдың басылғанын күтуді ескерте отырып,  төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

1) аса қажет болмаса үйлеріңізден көшегі шықпау;

2)  балаларыңызды көшеге жібермеу;

3) жеке көліктеріңізбен ауыл ішінде және аудан арасында жүрмеу;

4) мүліктеріңізді қауіпсіз жерге орналастыру (мысалы: көліктерді гаражға салу, жабу, ұшу немесе қирауы мүмкін заттарды бекіту);

5) электр бағандарының және жарнамалық тақталардың қасында тұрмау;

Өз өмірлеріңізді сақтау өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар.

 

Мақат ауданы әкімдігі

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521