Ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 қаңтарда қала және аудан мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
«Оқушылардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігі үшін, бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 1-4 сыныптардағы сабақтар болмайды. Сабақтар онлайн форматта өткізіледі», - деді Атырау облысы Білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.
Айта кетелік, облыс аумағында 2020-2021 оқу жылында 134 мыңнан астам оқушысы білім алатын 196 мектеп бар.