Жазылым науқанында жауаптылық танытайық!

(0 Votes)

Бүгін, 22 қазан күні ауданға «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, облыстық «Атырау» газеті бас редакторының орынбасары Азамат Базарбаев және «Прикаспийская коммуна» газеті бас редакторының орынбасары Қайрат Сатаев іс сапармен келіп, жергілікті оқырмандармен кездесті.


Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев жүргізіп, аудан активі, газет оқырмандары мен жанашырлары, еңбек ардагерлері, ұстаздар және белсенді жастар қатысты.

87e5a217-6a6e-4556-a8b4-92b0a39b40ae
Жиын барысында келер 2022 жылға баспасөзге жазылу және оны тарату мәселелері қозғалып, қатысушылардың ой-пікірі мен ұсыныстары тыңдалды.
Исатай Құндызбайұлы баспасөзге жазылу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдей келіп, соңғы үш жылдан бері жазылу тарифі өзгермегенін жеткізді.


«Қолымыздағы телефоннан күнделікті жаңалықтарды оқып отырғанымызбен, газетте ғана ақпарат нақты, шынайы, тексеріліп жарияланады. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатқан кезде газеттен бас тартуға болмайды. Газет болған, бар, бола бермек. Ол өзінің өміршеңдігін жоймайды»,- деді И.Балмағамбетов.

 

6c89fd74-f03a-4ede-8219-040a17a91898
Сондай-ақ, тақырып төңірегінде өз ойларын білдірген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов аймақ баспасөзі мазмұнын одан әрі жандандыру мәселесін қозғаса, белсенді жас Асылболат Жылқыбаев жастарды мерзімді баспасөзге тартудың мән-маңызы туралы айтып өтті. Ал, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақжұлдыз Берікқызы педагогтарға әдістемелік құрал ретінде газеттерден арнай бет ашылса деген пікірін орта салды.

22140150-1460-4211-9b8e-3196faf7ec87
Өзге де пікір айтушылар, жарнама қызметі, баспасөздегі тақырыптық құндылықтар және көп қабатты үйлерде пошта жәшіктерінің жоқтығы секілді мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Көтерілген ұсыныс-пікірлерді назарда ұстайтынын айтқан И.Құндызбайұлы баспасөзге жазылу науқанында жауапкершілік танытып, тысқары қалмауға шақырды.

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары А.Шаңғалаев баспасөзге жазылу науқанында аудан халқы белсенділік танытып, жазылым тиісті деңгейде орындалатынын жеткізді.

Кездесу соңында газеттің белсенді авторлары мен жанашырлары ардагер, өлкетанушы О.Деңгелбаев, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Г.Жұмағалиева, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Г.Сатиева, №2 бастауыш мектебінің директоры Р.Баймұхашев, жеке кәсіпкерлер Г.Биманов және Т.Мұханов, аудандық «Қазпошта» курьері Қ.Бикен «Атырау»-Ақпарат» медиахолдингі бас директорының Алғыс хатымен марапатталды.

0f15a194-ec7c-43ea-89cb-d000dc075df6

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521