Мақат станциясындағы Желілік полиция бөлімшесі өткізіп отырған акция 25-27 қазан аралығын қамтиды.
“Белгіленбеген орындағы саудаға - жол жоқ" акциясының мақсаты- белгіленбеген орындарда сауда жасау фактілерінің алдын алу және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
" Белгіленбеген орында сауда жасаған адамға әкімшілік жаза қарастырылған. Кент тұрғындарын азық-түлік және тағамды белгіленген орындардан алуын сұраймыз. Себебі белгіленбеген орындағы саудадан тұтынған тағамнан “улану” жағдайы тіркелуі әбден мүмкін" делінген полиция хабарламасында.