Қәзіргі таңда әлем бойынша өршіген індеттің әсерінен көптеген мамандықтар қашықтықтан (онлайн) жұмыс жасауға мәжбүр болды. Соның ішінде білім беру саласына да әсер етті.
Бұл орайда ұстаздар да қашықтықтан еңбек етсе, оқушылар онлайн оқи бастады. Шыны керек алғашқы уақытта әріптестеріме және де өзіме де қашықтықтан еңбектену көптеген қиындықтар тудырды. Бірақ "сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны ойлап табу" - деп көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай ұстаз әрқашанда жаңашылдыққа дайын болуы қажет.
Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай қысыл-таяң уақытта мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, барлық жағайды жақсартуда. Мәселен, осыған дейін ақылы болып келген сайттар бүгінде тегін қызмет көрсете бастады. Сондай-ақ, министрден әр мұғалімге жеткен жеке құттықтау хаты әріптесіме үлкен дем берді десем де болады.
Биылғы оқу жылында да мектеп оқушылары қашықтан оқитыны белгілі. Ауданымыздағы әр мұғалім онлайн оқытуға сақадай сай деп ойлаймын. Өйткені демалыс уақытында ұстаздар «stepik» қосымшасы арқылы онлайн оқытудың қыр-сырын толықтай меңгере білді. Әріптестерімді, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Мектеп есігі ұстаз бен оқушылар үшін айқара ашылатын күн алыс болмасын деймін.
Асылболат Жылқыбаев,
М.Баймұханов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Сурет: ашық дереккөз