Халық қалаулылары қатарында жастар болуы керек. Және олар жылтыр сөздермен емес, ұтымды ұсыныстарды айтып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосқаны жөн. Жастар елдің болашағы демекші елімізді гүлдендіру және жандандыру жолында олардың үлесі зор.
Бұл сайлауда қаншама белсенді жастар кандидат ретінде тіркеліп, елінің болашағы үшін аянбай тер төгуге дайын екендерін білдірді.
Жалпы, депутаттар сайланған соң өздерін кім сайлағанын ұмытпауға тиіс. Үгіт-насихат кезеңінде ел алдында айтқан сөздерін, уәделерін орындауға жұмыстануы керек.
Кешегі өткен сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауданымыздың әрбір тұрғыны өз азаматтық белсенділіктерін көрсетіп, таңдауларын жасады.
Соңғы уақытта Президентіміз Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, кез келген салада реформалар жүзеге асып жатыр. Жүйелі жұмыстар уақтылы атқарылса шешілмейтін түйін жоқ деп білеміз.
Эльмира Ибраимова,
Аудандық аналар кеңесінің төрайымы