Мақаттықтардың 83 пайызы дауыс берді

(0 Votes)

Бүгінгі саяси науқанда аудандағы дауыс беруге құқылы 16 мыңнан астам тұрғынның 14052-сі, яғни, 83,17 пайызы дауыс берген.

12 сайлау учаскесіндегі процестің әділ әрі ашық өтуін 215 байқаушы және депутаттық мандаттан дәмелі үміткерлердің 69 сенімді өкілдері қадағалады.

Айта кетейік, бұл саяси науқанда аудандық мәслихатқа 35 кандидат тіркелді. Оның 13-і партия атынан түсіп жатса, 22-сі өзін-өзін ұсынған. Сондай-ақ, аудан атынан облыстық мәслихатқа 4 кандидат бақ сынады. Оның 2-еуі партия атынан, 2-еуі өзін-өзін ұсынған үміткерлер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT