Жас тарихшылар жарысы

(0 Votes)

"Менің кіші Отаным" тақырыбында жас тарихшылардың республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі болып өтті.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатысты. Конкурс қазақ және орыс тілдерінде екі бөлім бойынша өткізілді. Бірінші бөлімде Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға тест тапсырса, екінші бөлім 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.
Яғни, «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу болса, «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша автордың өзінің сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар туралы презентация түрінде таныстыру болды. Кезекті «Менің кішкентай Отанымның болашағы" номинациясы бойынша нысан макетін презентация түрінде көрсету болса, соңғы «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша өз елді мекені немесе ауылы туралы эссе жазу талабы қойылды.


Байқаудың аудандық кезеңіне 15 оқушы қатысып, бақ сынады. Өзгелерден оза шапқан М.Баймұханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Арайлым Асыланқызы, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ұрқия Жанболатқызы, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Адина Асылбекқызы, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дильназ Асылбекқызы облыстық кезеңге жолдама алды.

whatsapp-image-2021-09-28-at-15_37_40

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT