«Жарқыра» бағдарламасы – әлеуметтік кәсіпкерлік көзі

(0 Votes)

16 ақпан күні аудандық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Жарқыра» атты әлеуметтік кәсіпкерлер бағдарламасының жиыны өтті.

Жобаның мақсаты оқыту және тәжірибе алмасу арқылы Атырау облысының ҮЕҰ-ың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде және азаматтық қоғамды құрудағы потенциалын арттыру. Ал бағдарламаны Орталық Азияның Еуразия қоры “Теңізшевройл” ЖШС қаржылау қолдауымен жүзеге асырады.


Жиынды бизнес тренер Алтынгүл Атабаева өткізді. Сонымен қатар, ол қоғамның дамуына бірден бір үлес қосатын әлеуметтік кәсіпкерлер екенін атап өтті.
Жиында қоғамдық жобаларды, жеке кәсібіңді ашуға жақсы кеңестер берілді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мәліметтерді ала алды.

Қай заманда болмасын оқыған озатыны белгілі. Сондықтан тегін оқуға қатысу арқылы, қайтарымсыз гранттар алып, өз ісіңді ашуға мүмкіншіліктер көп екендігі айтылды. Қазіргі таңда “Жарқыра” бағдарламасы арқылы қаржы алып, кәсіптерін дамытып отырғандарда бар.

whatsapp-image-2022-02-17-at-10_55_18

Соның бірі ауданымыздың жеке кәсіпкері Эльмира Мусина сөз алып, өз тәжірбиесімен бөлісті. Жалпы алғанда әлеуметтік кәсіпкерлікке қазіргі таңда көптеген қолдаулар бар.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл экономикалық тиімділікке қол жеткізу мен кәсіпкерлік жаңашылдықты әлеуметтік миссиямен біріктіретін әлеуметтік қызметті жүзеге асыру тәсілі.
Сондықтан, сол мүмкіндіктіктер мен қолдауларды пайдалана отырып, кәсібіңді ғана емес, қоғамның дамуына да өз үлесіңді қоса аласың.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521