Ауданда 12 құқық бұзушылық анықталды

(0 Votes)

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республика көлемінде 14-23 ақпан аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Профилактика барысында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірқатар шаралар ұйымдастыруда. Түсіндірме жұмыстары бойынша әлеуметтік желілерге бес жариялым жарияланып, бір брифинг өткізілген. Сондай-ақ, аудан мектептерінің автобустары тексеріліп, ақау анықталмаған.


Іс-шара басталғалы бері 12 құқық бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 6 жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден өту және көлікте 12 жасқа толмаған жасөспірімді арнайы автокреслосыз тасымалдаған 6 жүргізуші анықталды.


Жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден өткен тұрғындар үшін 2 айлық есептік көрсеткіш негізде айыппұл салынса, балаларға арнайы орындық дайындамаған көлік иелері 5 айлық есептік көрсеткіш негізде айыппұлға ілікті.

Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара 23 ақпанға дейін жалғасады.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521