Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жаңадан сайланған аудандық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. Мәслихат хатшысы Қ.Исмағұловтың төрағалығымен өткен отырыста кеңестің су жаңа мүшелері таныстырылып, оның төрағасы мен хатшысы сайланды. Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша «Экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту, заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі» және «Халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс, құрылыс, байланыс, көлік, экология және ауылшаруашылығы жөніндегі» комиссия құрамы бекітілді.
Сонымен осы жылдың 17-ші наурызы күні аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілген аудандық қоғамдық кеңестің су жаңа мүшелері төмендегідей: Нұркен Оңғаров, Ахметжан Жұмағалиев, Бағытжан Төлеуов, Генадий Биманов, Жанат Джұмағалиева, Әділбек Идиятов, Күлпаш Әлишева, Анварбек Садықов, Эльмира Мусина, Гүлназ Едгеевa.
Кеңес төрағасы болып бір ауыздан Ахметжан Сарыұлы сайланса, қоғамдық кеңес хатшысына Зағайша Қадырова құп көрді.
Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында-ақ белсенділік танытқан Ә.Идиятов облыс әкіміне кеңес мүшелерінің атынан ауданды көгалдандыру жөнінде ұсыныс әзірледі.
"2021 жылы сәуір айында облыстық әкімшілігімен «Ембімұнайгаз» АҚ басқармасымен жасақталған меморандум аясында Атырау қаласы Талғайраң селосынан 243,2 гектар жерді көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Бұл шара әрине қала төңірегіндегі жасыл аймақ аумағын ұлғайтатынын кұптаймыз. Дегенменде бұл жоба локальді түрде болмай экологиялық мәселелері өткір тұрған (тіпті жасыл желектер 1000-нан аспайтын) аймақтарда жалғасын тапса деген ұсынысымыз бар. Жауапты жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік мекеме «Ембімұнайгаз» АҚ-на және де аудан әкімшілігіне тиісті тапсырмаларыңызды беруіңіз сұралады",-делінген ұсыныс хатта.
А.САДЫҚОВ