Жүгенсіз жүргізушіге жол жоқ

(0 Votes)

Жүргізушілер арасындағы көлік тәртібін сақтау, жол көлік апаттарының санын азайту, сондай-ақ жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында 14-16 қараша аралығында елімізде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

«Қауіпсіз жол» шарасы барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының көбеюіне себеп болатын жол қиылысындағы ережені өрескел бұзуды анықтауға бағытталған бірқатар рейд жүргізуде.

Сонымен қатар, қоғамдық автокөлік жүргізушілері арасындағы ЖЖЕ анықтау күшейтіледі. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында ІІД жол патруліндегі қадағалау жұмыстарының ауқымы күшейтіледі. Полицейлер автокөлік жүргізушілерін алкогольді ішімдік ішкен күйде жүргізіп жол ережесін бұзуды, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ автокөлік жүргізушісінің телефон арқылы сөйлесу сияқты жол ережелерін бұзуға қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алуға баса назар аударады.

Р.ИСЕМГАЛИЕВ,

Жол-патульдік полиция бөлімінің қызмет инспекторы, полиция лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521