Іскер болу оңай шаруа емес

(0 Votes)

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті табысты дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

Мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі мақсатты да дәйекті саясатын іске асыру елдің экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Соның ішінде, әйел­дердің кәсіпкерлік қызметке қатысуы –тұлғаның дамуы мен қоғамдағы орнын жақсарту мүмкіндігі, үлкен табыс алу тәсілі. Апта ішінде ауданымызда іссапармен болған облыстың іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, кәсіпкер Фатима Тулеева ауданның белсенді әйелдер қауымымен кездесіп, әйел кәсіпкерлігінің дамуы туралы семинар өткізді. Бұл ретте семинарды жүргізуде бизнес тренер Н.Азаматовпен ынтымақтаса атқарды.

«Бизнес және қоғам – үйлесімді даму» тақырыбында, сәтті жүзеге асырылған бизнес-жобалар туралы мысалдар келтіре өткен Фатима Тулеева: «Бүгінде әйелдер бизнес саласын сәтті игеріп, тіпті ерлерге тиесілі деп саналатын ауыр кәсіп түрін де алып жүргені жайында мысал көп. Қазіргі таңда тек бизнеспен айналысу аздық етеді, маңыздысы – бірігіп, тиімді жұмыс істеу. Нәтижеге тек бірлесе жетуге болады. Салалық принцип бойынша қоғамдастықтарға біріккен уақыттан бастап, бизнестің қуатты әлеуетін көрсете аламыз. Алға қарай бірге қозғалып, табысты тәжірибемізді жұмылып таратуымыз керек», – деді.

Семинарда сондай-ақ, іскер қыз-келіншектер, әсіресе бизнеске енді қадам басқан әйелдер үшін стартаптарды жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде жеңілдік берудің маңыздылығына тоқталды. Кәсібін жаңадан бастағандар да, тәжірибелі бизнесвумен де көбірек білім алуды және қаржылық, ақпараттық әрі кеңес беру көмегін ауқымды түрде алуды қалайтыны сөзсіз.

Қысқасы, мансап пен бизнесті жүргізу, өзін өзі дамыту және жеке тұлғалық өсу секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Қажетті кеңестер мен сәтті құрылған жобалық оқытулар, өмірлік мысалдар елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыта түсу үшін серпін берері анық.

Г.САЛИКОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521