Жанұяның жылуын сақтап, бақытты ғұмырға батыл қадам басу үшін маңдайдағы емес, кеудедегі көздің қырағылығы керек.
Тағдырдың сынына мойымай, қоғамға өз үлестерін қосып жүрген қайсар жандарымыз біздің арамызда да жетерлік. "Қазақ Соқырлар Қоғамы" Қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырған "Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына" атты өнер сайысында ауданымыздың атынан сынға түскен Ұлжанов Оразбек ағамыздың отбасы жүлделі үшінші орынды иеленіп қайты.
Таныстыру бөлімінде ағамыз бұл күнде жапырағы жайылып отқан үлкен әулетке айналғанын мақтанышпен жеткізді. Аталарына демеу болған немерелері де сайыста өз өнерлерін ортаға салып, мұнайлы Мақаттан құр алақан келмегенін дәлелдеді. Сынға сабыр сақтап, әр таңды күпірлікпен емес шүкірлікпен қарсы алудың өзі үлкен жеңіс. Жанұяңыздың мәртебесі асқақтай берсін, аға!
А.САДЫҚОВ