Тұрғын үй инспекциясында - жаңа басшы

(0 Votes)

Аудан әкімінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі №69-ө өкіміне сәйкес 3 мамырдан бастап «Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымына Сарбасов Жандарбек Абдрахимұлы тағайындалды.

Сарбасов Жандарбек Абдрахимұлы 1980 жылы Доссор кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2001 жылы қазіргі заманғы университетінің Атырау облысы бойынша филиалында заңгер, 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Доссор поселкі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2007 жылдың желтоқсан – 2008 жылдың наурыз айы аралығында Қошқар поселкесі әкімі аппаратының бас маманы;

2008-2011 жылдары аралығында Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық және әскери жұмылдыру бөлімінің бас маманы;

2011-2013 жылдары аралығында Мақат аудандық Әділет басқармасының бас маманы;

2014-2018 жылдары жеке кәсіпкер;

2019 - 2020 жылдары Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы;

2020 жылдың 17 ақпанынан бастап осы уақытқа дейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Отбасылы.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT