Заңтөбеліктер челлендж бастады

(0 Votes)

 Газет – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ақпарат айдынындағы кез келген басылым қоғам үшін еңбек етеді. Себебі, ақпарат құралдары қоғаммен бірге өмір сүреді, қоғаммен бірге тыныстайды. Жергілікті «Maqat tynysy» газеті де ауданның тыныс-тіршілігі, әр кезеңдегі оқиға, құбылыстарды оқырманына дер кезінде жеткізіп келеді. Ал газетті оқырмансыз елестету мүмкін емес. 

Бүгінде баспасөзге 2023 жылдың екінші жарты жылдығына жазылу науқаны басталды. Түйіткілді мәселелерді қаузап, халықтың жанайқайын жеткізіп, оқырманға ой саларлық һәм танымдық тың дүниелерді жариялап, аудандағы ахуалдың, елдегі жаңалықтың жаршысы бола білген төл басылымның жанашырлары да жоқ емес. Алдыңғы жазылымда жомарт жандар төл басылымның таралымына қолдау білдіріп, өз үлестерін қосқан болатын. Сол бізді қуантады.

Жақында мақаттық «Заң төбе» жастары газетке 6 адамды 9 айға жаздырып, игілікті іс тындырды. Қашанда ұйымшылдықтарымен танылған «Мұнайшы газетіне алпыс жыл» көшесінің жастары үлкендеріне осындай тосын сый жасады.

Ардагерлердің газетке жазылғаны туралы түбіртекті ауыл белсендісі Гүлшат Жанасова қарияларға өзі таратып шықты.

«Жасыратыны жоқ, газет-журналды тұрақты жаздырып алып, үзбей оқитын – аға буын ата-әжелеріміз ғой. Әлеуметтік желілерді пайдалана бермейтін ардагерлер қауымы үшін газет-журналдың маңызы ерекше. Біз жергілікті газет таралымының артуына қолдау білдіріп, тұрғындар рухани азықпен сусындасын деген мақсатта осы істі қолға алдық. Біздің бұл бастамамызды өзге де көше тұрғындары челлендж ретінде қолдаса құба-құп»,- дейді Г.Жанасова.

Біз өз кезегімізде басылымды қолдаған «Заң төбе» жастарына шынайы алғысымызды білдіріп, бұл істері өзге ауыл азаматтарына үлгі болса екен дейміз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT