Қыс мерзіміне дайындық пысықталды

(0 Votes)

1-2 қараша аралығында ауданда «Қыс-2018» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу қысқы мезгілде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды уақтылы ұйымдастыру, келген дабыл-хабарламаларды азаматтық қорғаудың қызметтеріне уақытылы жолдауды мақсат етті.

Алғашқы күні республикалық оқу-жаттығу «Атырау Су Арнасы» КМК аудандық бөлімшесімен практикалық оқу-жаттығу түрінде өткізілді. Ондағы мақсат – апаттық қызметтің су, кәріз жүйесінің қыс мезгілінде іс-қимылдарын пысықтау, орын алған апатты уақытында жою және алдын алу. Практикалық жаттығуға 3 техника: 1 вакуум, 1 погрузчик, 1 трактор гидромек және 10 қызметкер жұмылдырылды.

Келесі күні осы бағытта іс-шараларды орындау үшін қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды таратуға жан-жақты жәрдем және көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатымен Мақат желілік-өндірістік басқармасының өндіріс алаңы алдында күш-құралдар мен техникалардың әзірлік жөнінде саптық тұрғызуы жүргізілді.

Азаматтық қорғау қызметінің құрылымдарын жоғары әзірлікке келтіру, қыс мезгілінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және кезек күттірмейтін жұмыстарды уақытылы орындау мақсатында оқу-жаттығу өткізу-қауіптің алдын алу. Оқу-жаттығуда аудандағы азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары Т.Нұрпейісов төтенше жағдайдың алдын алу техникалық күш құрылымдары мен жергілікті мекемелердің қызметтік міндеттерін нақтылады.

Саптық байқауға 15 мекеме, 85 қызметкер, 20 арнайы автокөлік жұмылдырылды. Қандай жағдай болса да, оның алдын алу үшін жыл сайын ұйымдастырылып келетін шарада пысықталып отырады. Жер жағдайы мен мұнайлы өңірдің табиғаты аян жергілікті тұрғындар қауіпсіздігі үшін тәжірибелі іс нәтиже берері сөзсіз. «Қыс-2018» оқу-жаттығу шарасы талапқа сай дайындықтарымен қауіптің алдын алатынына сенімді іс-қимылдарын көрсетті.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521