Доссорда 810 түп тал отырғызылды

(0 Votes)

Өткен сенбіде Доссор кент әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Бүкіл Қазақстандық тал егу» ак-циясы ұйымдастырылды.

Доссор кенті әкімі аппаратының, Доссор мәдениет үйінің, Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің, мектептер мен балабақшалардың қызметкерлері және оқушылары атсалысқан акция аясында кент орталығында барлығы 810 түп тал отырғызды.

Тал-теректерді суғарып, күтіп-баптау жұмыстары ұйымдастырушылар тарапынан қадағалауға алынатынын ескертіліп, акцияға қатысушылардың тұрғылықты мекенге деген жанашырлығын ояту, көгалдандыру ісіне жұмылу бағытында түсінік берді. Қоршаған ортаның тазалығы мен көгалдандыру-абаттандыру шаралары кент әкімдігі тарапынан әр маусымда жалғасып, акция аясында тұрғындардың да белсенділігін арттыру көзделуде.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521