Вокзалда орындалған күй жолаушыларға зор көңіл-күй сыйлады

(0 Votes)

Қазақтың қос ішекті киелі аспапқа деген құрметтің жоғарылығының бір дәлелі аудандағы теміржол вокзалындағы жолаушылардың назарынан да ерекше байқалды.

Мереке күні белгілі күй қағаны Рысбай Ғабдиев атындағы Доссор музыка мектебінің шәкірттері вокзалға кеп өнер көрсетті. Мақат вокзалына келіп тоқтаған «Алматы-Атырау» бағытындағы жүрдек пойызы кеп тоқтағанда жолаушыларды елең еткізген «Шалқыма» ансамблі қазақтың төкпе күйлерін төгілте жөнелді. Стансаға тоқтаған пойыз жолаушылары да, билет алып, пойызға асыққан жандарда бал бармақ күйшілердің өнеріне тәнті боп, иіріле қалса, енді бірі ұялы телефондарының таспасына жазып та үлгеруі – тыңдарманды рухтандырып жібергендей әсерге бөледі. Домбыра күнінде осындай шара ұйымдас-тырған жергілікті әкімдікке ризашылығын білдірген Тараз қаласының тұрғыны Талғат Нығметжанұлы жас домбырашылардың болашағына сенімін білдірді.

Нағыз қазақ – домбыра екенін дәлелдейтін осындай жастарымыз жасасын деп, ақжарма тілегін ақтарды. Өнерпаздарға қолдау көрсетіп, халықтың ортасынан табылған ұстаздары, өнер мектебінің директоры Мағзом Иманғалиев, ардагер ұстаз Естай Ғинаятов ұлттық өнерге қошемет көрсетушілерді ансамбльдің шығармашылығымен таныстырды. Қос ішекті қағысымен домбыра шанағынан шыққан күмбірлі үннің көңіл күйді суреттеуі ұлттық өнеріміздің шыңынан орын алса, домбыра күнін атап өткен мақаттықтар қасиетті аспапқа деген құрметті еселей түскендей.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521