М.Баймұханов мектебінде орналасқан №204 сайлау учаскесінде кент әкімінің сайлауы қарқынды жүруде. Аталған учаскеде 1446 дауыс беруші бар.
Кент үшін маңызды күнде саяси науқаннан қалыс қалмай, дауыс беруге келген жанның бірі - Асхат Қойбағаров. Ол дәл осындай маңызды саяси науқанда әрбір кент тұрғынының дауысы маңызды екендігін айтады.
Айта кетейік, саяси додаға 3 үміткер қатысуда.
Ә.ҚАСЫМ