Үміткер «Держава» дүкенінде экспромт кездесу өткізді

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бақыткүл Тиышбаева Доссор кентінде орналасқан “Держава ” дүкенінде  сатушылармен және сауда жасап жүрген тұтынушылармен жүздесіп, экспромт кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткерлер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырды.

Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі ерекше және өзекті болып отырғандығын, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуі бақылауда болатынын тілге тиек етті.  

derjaba-1

«Бұл еркін сайлау - халық таңдауы. Қазақстанда жаңа саяси күштер қалыптасуда. Біздің ойымызша, бұл елімізде саяси тұрақтылық пен парламенттік демократия өзінің эволюциялық жолымен дамып келеді. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған 29 жыл ішінде үлкен сындарлы жолдардан өтті. Әрине, бұл тарихи өлшем тұрғысынан алғанда аз уақыт. Еліміздің осы уақыт ішінде жүріп өткен жолы, қабылдаған шешімдері бір дәуірге лайықты деп ойлаймын. Сол себепті жұртшылық сайлау науқанында үлкен саяси сауаттылық пен мәдениеттің үлгісін көрсетеді деген тілектемін»,- деді кандидат Б.Тиышбаева.

derjaba-2

Сондай-ақ, үміткерлер үнпарақтар таратып, тұтынушылар мен сатушылар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлерді тыңдап,  қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Алдағы 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

«Елімізде сайлау өтетінінен хабардармыз. «Nur Otan» партиясы жетекші партия ретінде түрлі жобаларды жемісті жүзеге асырып келеді. Түйткілді мәселелер де партияның жіті бақылауында. Партияның бағдарламасымен таныспыз. Қолдау білдіреміз», - деді ұжымның атынан сөз алған Бағытжан Төлеуов.

Кездесу соңында өзара пікір алмасқан кездесу қатысушылары «Біз біргеміз» ұранымен партия саясатын қолдайтындықтарын білдірді.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 «Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT