Аудан әкімінің өкімімен Өтеғалиев Серікбол Сұлтанбекұлы Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Ол 1988 жылы Мақат кентінде дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2010 жылы Ақтөбе қаласы С.Бәйішев атындағы университетін «экономика» мамандығы бойынша және 2012 жылы Қазақ – Орыс ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы «Жылыой Тазалық» ЖШС тазалық бөлім бастығы қызметінен бастаған.
2011-2012жж. «Мако» ЖШС-інде автокөлік жүргізушісі,;
2015-2017жж. Құлсары қаласы әкімінің аппаратында штаттан тыс қызметкер;
2017-2019жж. Атырау облысы бойынша экология департаментінің, мемлекеттік экологиялық бөлімінде бас маман.
2019-2020жж. Атырау қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру секторында бас маман қызметін атқарған.
2020 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Мақат ауданы әкімінің кеңесші лауазымын атқарып келді.
Отбасылы.
"МТ"