Ұлттық ойындар ұлықталды

(0 Votes)

Ұлттық ойындарымыз да наурыз мерекесінде назардан тыс қалмады. Орталық алаңда ұйымдастырылған спорттық шараға жастар жағы белсенді қатысты. 

Әсіресе, асық ату, білек күшін сынасу, гір тасын көтеру, қазақша күрес, арқан тартыс сайыстарында жігіттер жағы бірінен бірі өтіп тұрды. Ал қой көтеру ойыны ешкімге оңай олжа бермеді. Дегенменде бұл ойынды ойнауға ынта білдіргендер аз болмады.

Гір тасын көтеру мен білек күшін сынасу ойындарының нәтижесін алдыңғы материалдарда жариялаған болатынбыз.

Қой көтерудің қорытындысы бойынша қойды 92 рет көтерген Олжас Бектұрған жеңімпаз атанды. Қазақша күрестен Дулат Аманқосов І орын, Әділ Умаров ІІ орын, Махамбет Рахметов ІІІ орын иеленді. Арқан тартыста “Станция” командасы І орын, “Ескі Мақат” командасы ІІ орын, “Болашақ” командасы ІІІ орын иеленді.

Асық атудан оқушылар арасында ІІІ орын Тамерлан Ахмет, ІІ орын Бекарыс Қайратұлы, І орынмен Аян Жалғас марапатталды.

Ал ересектер арасында ІІІ орын Амандық Қанапиев, ІІ орын Айбек Қалымжан,  І орынды Аманбық Бертілеуов иеленді.

Ләңгі тебуден ересектер арасында ІІІ орын Амандық Бертілеуов, ІІ орын Амандық Сабитов, І орын Мұрат Қайровқа бұйырды.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521