Мәртебелі мереке мерейі

(0 Votes)

Мемлекеттің басты «Саяси-Құқықтық құжаты» - Конституция күніне орай, аудандық мәдениет үйінде халықтың патриоттық рухын көтерер салтанатты шара ұйымдастырылды.

Тәуелсіз еліміздің Ата Заңы толағай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдегі өркениетті мемлекеттер қатарымен терезесі тең, іргелі ел болуына қолданып келетін Конституцияның маңыздылығын бейнеролик көрсетілімінде суреттеп, ресми мерекенің салмағы сараланды. Еліміздің әнұранына құрмет көрсетіліп, салтанатты жиын Ата Заңымыз әлемдік өркениетті мемлекеттер қатарымен терезесі тең, іргелі ел болуымызға негіз болар құжат екенін бағаланды. Шараға аудан активі, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, жастар қатысып, аудан басшысының атынан орынбасары Нұрлан Ерғалиев құттықтау тілегін арнады.

Елбасының Жарлығымен көпбалалы аналарға күміс алқалар табысталып, облыс, аудан әкімінің атынан әр саланың қызметкерлерін алғыс хаттар берілді. Мерекелік шара аясында аудан көркемөнерпаздары патриоттық әндер орындап, мерекенің маңызын аша түсті.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521