Түйіндеме түйінді шешсе игі

(0 Votes)
Түйіндеме түйінді шешсе игі
фото: автордікі

 Жұмыссыздық мұнайлы ауданымыз үшін өзектілігін жоя қоймаған мәселе. Өйткені, қазіргі уақытта «екі қолға бір күрек таппай» сенделіп жүрген жұмыссыз азаматтар көп. Ал, бұл олардың еңбекке деген құлшынысын азайтып қана қоймай, күнкөріс деңгейінің төмендеп, тұрмыстық жағдайының нашарлауына әкеліп соғады.

Иә, мемлекет тарапынан жұмыссыздарды азайту мақсатында көптеген бағдарламалар қолға алынып, тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Десек те, жұмыссыздық деңгейі әлі де бәсеңдер емес. Соған орай жергілікті билік бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұдайы ұйымдастыруда.

Бүгін аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен ауданның жұмыссыз азаматтары үшін осындай жәрмеңке өтті. «Ашық әкімдік» ғимаратында өткен жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген халық көп жиналды. Әрине, ондағы жұмыс іздеп сенделген жастың да, кәрінің де діттегені - тұрақты жұмысқа орналасу.

Аталған жұмыссыздар жәрмеңкесінде жұмыс беруші «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау магистральды газ құбырлары басқармасының филиалы, «Денхолм Жолдас» ЖШС, «PSI Services», аудандық полиция бөлімі, «Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС, ТОО «Карат» және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім әртүрлі мамандық бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған шамамен 60 адам өтініш білдіріп, түйіндемелерін қалдырды.

Орталық мамандарының айтуынша, аталған мекемелерге 20 наурызға дейін кімдерді қабылдағаны туралы мәлімет беруге хат жолданған.

Жалпы, алдағы уақытта да халықты жұмысқа орналастыру шаралары жалғаса бермек. Ол жөнінде орталық мамандары аудан тұрғындарын алдын ала хабардар етіп отырады. Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері 896 адам жұмыс сұрап, бөлімге тіркелген.

Ә.ҚАСЫМ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521