Қолұшын созып, қуантты

(0 Votes)
Қолұшын созып, қуантты

 Ізгілік пен мейірімнің лебі есетін Наурыз мейрамына орай ауданда бірқыдуар игі істер атқарылуда. Жақсылық жасауға асыққандар мұқтаж жандардың төрінен табылып, материалдық қана емес, жылы сөзбен де рухани жігерлендіріп жүр.

Айталық, «Әжелер мектебі» ұйымының төрайымы Күләш Исалиева бастаған белсенді әжелер әлеуметтік осал топтағы жалғызбасты аудан тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, ауызашарға арнайы дәм таратты.

Жақсылық жасау – жүректің ісі екенін ұғынған «Аналар кеңесі» ұжымы да бүлдіршіндерді қуантты. Кеңес төрағасы Эльмира Қамзақызы, депутат Рыскүл Тайшекенова, аудандық мешіт имамы Біләл Сағындықов доссорлық қос бүлдіршінді мерекесімен құттықтап, түрлі тәттілер мен арнайы сертификат сыйлады.

Балалардың қамқоршы әжесі өз кезегінде игі бастаманы ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, батасын берді.

Мұндай игілікті істі Мақат кенті әкімдігінің қызметкерлері де қолдап, кенттегі жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетті.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521