Ту көтеру рәсімі өтті

(0 Votes)

Бүгін Мақат кентінде орналасқан орталық стадионда 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты жиында алдымен мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, еліміздің Әнұраны шырқалды.

Мемлекеттік Ту көтеру мәртебесі аудан мақтанышы, ауыр атлетикадан ҚР чемпионы Олжас Бектұрғанға жүктелді.

Одан әрі сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Құттықтаулар легін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабит Халенов жалғап, өңір халқын қайта жаңғырған ұлық мерекемен құттықтады.

Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мекеме басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер мен кент тұрғындары қатысты.

Салтанатты шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ботакөз Асхатқызы

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT