АУДАНДА «KOSHBASSHY CUP – VІІ» ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ

(0 Votes)

 Аудандық білім беру ұйымдарының арасында аталған атаумен пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге жалпы орта білім беретін Х.Санбаев атындағы орта мектебінен «Ой Like», М.Баймұханов атындағы орта мектебінен «NOMAD», Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінен «SANA», Л.Шахатов атындағы орта мектебінен «GENIUS», А.Құнанбаев атындағы орта мектебінен «Ақиқат» және С.Шарипов атындағы мектеп-интернатынан «Элита» командалары қатысып, өзара бақ сынады.

Мектеп оқушылары арасында өткізілген пікірсайыстың негізгі мақсаты қазіргі қоғамдағы және әлемдегі көкейкесті мәселелерді көпшілік алдында талқылау мен сараптау жолдары арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру, пікірсайыс қозғалысын дамыту, құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Бұл жолғы турнир Америкалық парламенттік форматында (АПФ) өткізілді. Америкалық парламенттік форматы бойынша команда екі ойыншы болып Үкімет және Оппозиция ұсынылған қарарды талқылайды. Бұл жердегі қарар дегеніміз – пікірсайыстың тақырыбы болып саналады.

Турнирде Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуі және елдің дамуы, балалар мен жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін арттыру, ұлттық дәстүрді сақтау және мәдени мұрасын көбейту мәселелері қамтылды.

Америкалық парламенттік формат дәл зерттеу мен дәлелдер жинауға емес, тез сыни және логикалық ойлауға, сондай-ақ сараптамалық талдауға негізделген.

Турнир қорытындысына сәйкес, М.Баймұханов атындағы орта мектебінің «NOMAD» командасы ІІІ орынды, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің «Oi-Like» командасы ІІ орынды иеленді. Ал қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Л.Шахатов атындағы орта мектебінің «GENIUS» командасы нәтижелі І орынды қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, тартысты ойын көрсете білген Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің «SANA» командасы, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің «Ақиқат» командасы, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының «Элита» командасы көрермендер көзайымына айнала білді.

Турнир қорытындысына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында өтетін облыстық «KOSHBASSHY CUP – VІІ» пікірсайыс турнирінде Л.Шахатов атындағы орта мектебінің командасы облыста аудан намысын қорғайтын болады.

Шара соңында пікірсайысқа қатысқан барлық командалар аудандық білім бөлімінің дипломы, алғыс хаты және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521