Теміржолшы Валентина

(0 Votes)

Мамандығын шынайы жақсы көріп, теміржолшы болғанын мақтан тұтатын жандардың бірі Искакова Валентина Досымқызы.

Бүгінде ол Мақат локомотив пайдалану депосының таспа талқылау бөлімінің инженері. Ол теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Валентина 1983 жылдан осы салада тынбай еңбек етуде.

Ол жапырағы жайылған үлкен әулеттің отанасы. 1986 жылы өмірлік серігі Жүгінісов Серікпен шаңырақ көтеріп, мекеме тарапынан жас маман ретінде пәтер берілген. Жарасымды жұпты табыстырған да теміржол саласы болатын. Шаттығы шалқыған шаңырақта ұл-қыздары дүниеге келді.

Ерлі-зайыптылардың балалары да ата-ана жолын қуып, теміржол саласында еңбек етуде. Ендеше болат жолдың бойында еңбегімен ел мерейіне бөленген алдыңғы толқын аналардың абыройы асқақтай берсін деп тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521