Салтанат мерекеге арналды

(0 Votes)

Көктеммен көңілге қуаныш сыйлай келетін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерейлі мерекелердің бірі де бірегейі.

Биыл да атаулы күнге орай, бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен ардақты аналар, ақ жаулықты әжелер, әдемі де аяулы қыз-келіншектер асқан құрметке бөленіп, құшақтары гүлге толуда.

Наурыздың 7-сі күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Жұмабай Қарағаевтың қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұған көп балалы аналар, әртүрлі салаларда еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер қатысты. Мерекелік мазмұнға сай безендірілген сахна ару жандарға деген ыстық ықыласты аңғартқандай әсер қалдырды. Мерекелік жиында аудан әкімі Ж.Қарағаев құттықтау сөз сөйледі.

- Қадірлі кыз-келіншектер! Мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін біз Сіздерді қашанда құрметтейміз! Сіздерді алдағы келе жатқан Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесімен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт және жұмыстарыңызға жетістіктер тілеймін, -деді.

Салтанатта Елбасы Жарлығымен наградталған бір топ аналарды құттықтап, алтын және күміс алқаларын табыстады. Сонымен қатар ауданның дамуына үлес қосып жүрген бір топ нәзік жанды аруларымыз облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, сый- сияпатына бөленді. Мерекені аудан өнерпаздары ән-күймен әрлеп, тамаша бимен көркемдеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521