Бүгін орталық алаңда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Тазалық айлығы” байқауының қорытынды марапаттау кеші өтті.
Аталмыш шара елді мекендердегі санитарлық жағдайды жақсарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоғамды тазалық сақтауға ынталандыру мақсатында өтті.
Салтанатты кеште аудан әкімі Азамат Мәмбетов сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру – тек әкімдік емес, барша тұрғынның міндеті екенін атап өтті.
Сондай-ақ, “Тазалық айлығы” кезінде белсенділік танытқан ұжымдар мен азаматтарға алғыс білдіріп, үздіктерді арнайы номинациялар бойынша марапаттады.
Атап айтқанда, “Үздік кент” номинациясымен – Доссор кенті, “Үздік мекеме” номинациясымен – Мақат Локомотив пайдалану депосы, “Үздік кәсіпкерлік нысан” номинациясымен – “Нұр-ай” қонақ үйі, ал “Үздік көше” номинациясымен – Мақат кентіндегі Ермаш Аманбердиев көшесі марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ж.Қамза
Сурет автордікі