Тәттілер таратып қуантты (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйі қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» атты республикалық акциясы аясында «Мейірімділік балаларға» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Мақат кентіндегі көп балалы 10 отбасының шаңырағына табан тіреп, балаларға базарлық ретінде тәттілер апарды. Әртүрлі аниматорлық киімдер киген өнер ұжымы балалардың көңілін бір серпілтіп, қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, ойын алаңдарында алаңсыз ойын-сауық құрып жүрген балақайларда тәттілерден құр қалмады.

Осылайша мәдениет қызметкерлері кішкентайларды мереке қарсаңында әдеттегідей концерт өткізіп думанға бөлемесе де, тәттілер таратып қуантты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT