Бала еңбегін қанау қатаң қадағаланады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан жариялаған болатын. Аудан да бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл да маусымның алғашқы күнінен бастап 13-іне дейін «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды.

Аталмыш іс-шара кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алуды мақсат етеді. Сондай-ақ құқықтық сауаттылық арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі. Әрі бала құқығын таптатпаудың жолдарын қарастырып, ата-аналарға түсіндіріледі. Жедел профилактикалық іс-шараға полиция бөлімінің жеке құрамның барлық қызметкерлері жұмылдырылып, аудан көлеміндегі жұмылдырылған күштер белгілі бір бағытта бөлініп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау үшін және оларды алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізеді.

Әр бала өзінің құқығын білу маңызды. Бала ұлттың болашағы болғандықтан, дұрыс өсіп, тұлға ретінде қалыптасуы маңызды.

К.Серікбаева,
Мақат АІІБ-нің ЖПҚ-ның ЮПТ КТІЖ инспекторы полиция аға лейтенанты

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521