Ауданда “Isker Talks” кәсіптік бағдар беру шарасы өтті

(0 Votes)

Мақат ауданында “Isker Talks” кәсіптік бағдар беру шарасы өтті.

 Доссор кентінің 9–11 сынып оқушылары қамтылған бұл іс-шараның басты мақсаты — жастарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға жол көрсету болды. Шара барысында спикерлер өз салаларындағы тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың қызығушылықтарын оятуға, бағыт-бағдар беруге тырысты.

Осындай жобалар — ауыл жастары үшін өте маңызды қадам. Саналы таңдау — жарқын болашақтың кепілі.

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT