Экономиканы әртараптандыру – тұрақты даму мен тәуелсіз өсудің басты кепілі.
Бүгінде әлемдік нарықтағы тұрақсыздық тек шикізатқа сүйенудің жеткіліксіз екенін дәлелдеді. Сондықтан Қазақстан жоғары қосылған құнға ие, терең өңделген өнім өндірісін дамытуды басты басымдық ретінде айқындап отыр.
Бұл бағыт ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің экспорттық әлеуетін де еселейді. Өндірістің кеңеюі жаңа жұмыс орындарын ашып, еңбек өнімділігін арттырады, нәтижесінде халықтың әл-ауқаты мен аймақтардың даму қарқыны күшейе түседі.
Экономиканы әртараптандыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін стратегиялық бағыт.
С.Халенов,
ардагер



