Жасанды интеллект және цифрлық даму: Қазақстанның жаңа даму бағыты

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Қазақстанның жаңа даму бағыты
(0 Votes)

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы – Қазақстанның технологиялық серпіліске дайын екенін айқын көрсететін тарихи шешім.

Бұл қадам цифрландыруды жай ғана ұран деңгейінде емес, қоғам мен экономиканың барлық саласына терең енген өмір салтына айналдыруға бағытталған.

Жаңа министрлік елдің инновациялық әлеуетін арттырып, жасанды интеллект, деректерді талдау және заманауи цифрлық шешімдер арқылы ұлттық экономиканы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан осылайша болашағын технология мен білімге, ақылды шешімдер мен адам капиталына сүйенген инновациялық экономика ретінде қалыптастыруға нақты қадам жасап отыр.

Қ.Омаров,

аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT