"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

(0 Votes)

Таңдай ауылында жалпыұлттық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

 Акцияның негізгі мақсаты – елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндеу болып табылады.

Аталған акция аясында:

Мекемелер мен ұйымдар өз ғимараттарының айналасын тазалады;

Ауыл тұрғындары аулалары мен үй іргелерін ретке келтірді;

Көшелер бойындағы қоқыстар жиналып, арам шөптер шабылды;

Қоқыс шығару және күл-қоқысты төгетін орындарды тәртіпке келтіру жұмыстары жалғасуда.

«Тазалық – бәрімізге ортақ іс!» қағидасын ұстанған таңдайлықтар ауылды таза, көрікті ұстау жолында белсенділік танытып келеді. Барша ауыл тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамыз.

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT