Бүгін азаматтарды қабылдау орталығында «Заң мен тәртіп» Қауіпсіз Қазақстан үшін «Halyq zangeri» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.
Ел көлемінде қолға алынған бұл шараның басты мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң саласындағы көкейкесті сұрақтарына жауап беру және тегін құқықтық көмек көрсету болды.
Акцияға ауданның бірқатар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ кәсіби заңгерлер мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Азаматтарды қабылдау барысында алимент өндіру, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді рәсімдеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері және тұрғын үйді тіркеу сияқты өзге де мәселелер көтеріліп, әрбір азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, аталмыш акция Доссор кентінде де өткізіліп, жергілікті тұрғындар үшін құқықтық кеңес алу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Г.Жұбанышқалиева
Суреттер автордікі
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

 
 