Тараздан келген күміс

(0 Votes)

Өткен аптаның аяғы да аудан спорты үшін жақсы жаңалық ап келді. Бұл жолғы назарымыз Әулиеата өңіріне ауған болатын.

Жексенбі күні Тараз қаласында жауынгерлік самбодан 18 бен 21 жас аралығындағы жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста 58 кг салмақ бойынша облыс намысын доссорлық  Ұлықбек Әбілхайыр қорғады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар қатысқан дода 1/16 финалдан бастады. Жекпе-жекке шыққаннан қарсылас шақ келтірмеген жерлесіміз Қостанай, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының атынан қатысқан жас өрендерді қатарынан жеңіп финалға жолдама алды. Ақтық сыңда ғана жауынгерлік самбодан әлем чемпионы Дәурен Төлегеновке 0:1 есебімен жол берді.

Айта кетейік, Ұлықбек Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Азамат Бегалиевтен тәлім алады.

                                                                            А. Жұмабекұлы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT