Мен үшін дәстүрлі отбасы – қоғамның ең берік тірегі әрі ұлттық құндылықтардың бастауы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Отбасы институтын нығайту – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі» деген сөзі бұл ұстанымның маңызын айқын көрсетеді.
Отбасыда сыйластық, жауапкершілік пен тәрбиенің негізі қаланады. Жуырдағы конституциялық жаңартуларда дәстүрлі отбасы құндылықтарының нақты айқындалуы қоғам тұрақтылығына оң әсер етеді деп ойлаймын.
Бұл өзгерістер жас ұрпақтың саналы, отаншыл болып өсуіне жол ашады.
Осындай ұстанымдар ел болашағын баянды ететін маңызды қадам деп санаймын.
Р.ҚАНАТОВ,
Мақат кентінің тұрғыны



