ЕЛ БОЛАШАҒЫ - БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДА

(0 Votes)

 Ата Заңымыздың жаңа мәтінінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияны басты құндылық ретінде айқындау – ел дамуының жаңа бағытын көрсететін маңызды қадам.

Бұл ұстаным мемлекеттің болашағы ең алдымен адами капиталға, яғни білімді, бәсекеге қабілетті азаматтардың әлеуетіне байланысты екендігін білдіреді. Осындай көзқарас қоғамда сапалы білім алуға, ғылымды дамытуға және мәдени құндылықтарды дәріптеуге ерекше серпін береді. Инновацияға басымдық беру – экономиканың тұрақты өсуіне, жаңа технологияларды енгізуге және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жол ашады.

Сондықтан жаңа Ата Заңдағы бұл басымдықтар Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының берік негізін қалыптастыратын стратегиялық шешім деп ойлаймын.

Қ.ОМАРОВ,

аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT