Жаңа Ата Заң мәтінінде білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға басымдық берілуі – елдің дамуындағы жаңа стратегиялық бағытты айқындайтын маңызды шешім.
Аталмыш қағида арқылы мемлекет болашағы табиғи байлықпен ғана емес, ең алдымен адами капиталдың сапасымен, яғни білімді әрі зияткер азаматтардың әлеуетімен өлшенетінін көрсетеді.
Мұндай ұстаным қоғамда сапалы білімге ұмтылысты арттырып, ғылымның өркендеуіне және мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттауға тың серпін береді.
Сонымен қатар, инновацияны қолдау экономиканың әр саласына жаңа технологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға және елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік жасайды.
Осылайша, Ата Заңда айқындалған бұл басымдықтар зияткер ұлт қалыптастыруға негіз болып, Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақты дамуына берік тірек болады.
М.ӘНЕСҰЛЫ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



