Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиында елімізде заң үстемдігін нығайту - басты міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын.
Соның ішінде заң мен тәртіп қағидаты мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі болуы тиіс екенін тілге тиек етті. Аудан көлемінде де заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Құқық қорғау органдары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл ретте әрбір азаматтың заңға құрметпен қарап, қоғамдағы тәртіпті сақтауға үлес қосуы маңызды.
Заң үстемдігі орныққан жерде тұрақтылық пен даму болатыны белгілі. Сондықтан қолға алынған реформалар мен жаңашыл бастамалар ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына оң ықпалын тигізіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға негіз болады деп сенеміз.
Г.Жұбанышқалиева



