Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 5 ақпан күні «TOMIRIS» көшбасшы қыздар жобасы аясында «Әділет пен жауапкершілік жолындағы көшбасшы әйелдер» тақырыбында кездесу өтті.



Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет ететін көшбасшылық рөлін насихаттау, жастарға шабыт беру, жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын нығайту және саналы көшбасшылыққа бағыт беру. Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында: Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарема Каримқызы Хамидуллина; Атырау облысы полиция департаментінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Райса Зинелғабиденқызы Айтжанова; Атырау облысы полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы, полиция лейтенанты Мейірім Ердәулетқызы; Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Гүланда Урынбасарқызы болды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алып, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің қыр-сырымен жақын танысты. Спикерлер жеке тәжірибелерінен мысал келтіріп, жастарға адал еңбек ету, әділдікті басты қағида ретінде ұстану және үздіксіз білім алудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысында аталған іс-шараның жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын күшейтуге және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыруға оң ықпал ететіні атап өтілді. Қатысушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта осындай мазмұнды кездесулерді жалғастырудың маңыздылығын жеткізді.
«TOMIRIS» көшбасшы қыздар кездесуінің БАҒДАРЛАМАСЫ
Уақыты Іс-шара 14:30 - 16:00
Қатысушыларды тіркеу; 16:00 - 16:05
Модератор сөзі; 16:05 - 16:10
Салтанатты ашылуы; 16:10 - 16:15
Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің өнерпаздары; 16:15 - 16:22
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Хамидуллина Зарема Каримовна; 16:22 - 16:30
Атырау облысы ПД Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Райса Зинелғабиденқызы; 16:30 - 16:37
Атырау облысы ПД Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы, полиция лейтенант Мейірім Ердәулетқызы; 16:37 - 16:45
Атырау облысы Әділет департаменті басшысы Гүланда Урынбасаровна; 16:45 - 16:52
Бақытнұр Демеу – «Жұмақ мекені» әні; 16:52 - 17:15
Салтанатты жабылуы.



