ЕГЕМЕНДІК - ӨЗГЕРМЕЙТІН ҚҰНДЫЛЫҚ

(0 Votes)

Елімізде жаңа Конституция жобасының жариялануы қоғамда кеңінен талқыланып, халықтың назарын аударып отыр.

Бұл - мемлекетіміздің болашағын айқындайтын, ел дамуының негізгі бағыттарын белгілейтін маңызды құқықтық құжат.

Жобаға сәйкес, Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілген болатын. Иә, мемлекет тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін бұл құжаттың мәні өте зор.

Себебі, Конституция - елдің басты заңы ғана емес, халықтың ортақ құндылықтары мен мақсат-мұраттарын айқындайтын негізгі бағдар.

Ш.Ищангалиев,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT