Аудан көлемінде ұйымдастырылатын «Іскер ана» жобасына көпбалалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік азқамтылған аналар қатыса алады. Олар жобаға қатысу арқылы өз ісін ашып, кеңейтуге мүмкіндік алады.
Жоба ережесіне сәйкес аудан бойынша тек 30 ананың қатысуға мүмкіндігі бар. Шара қатысушылар 18 және 63 жас аралығындағы аудан тұрғындары (көп балалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік азқамтылған аналар) болуы керек.
Аталмыш жоба 3 кезеңнен тұрады: І кезең – тренинг ұйымдастыру. Іl кезең – аналарды оқыту. ІІІ кезең – тауар негізінде грант бөлу. Жобаның үшінші кезеңі қорытындысы бойынша грант табыстау шарасы аудан орталығында ұйымдастырылатын болады.
І кезең бойынша 3 бағытта тренингттер өткізіледі. Әр қатысушыға Психологиялық тренингттер; Заманауи маркетингтік сабақтар өткізу ( сауданың негіздерін үйрету).
ІІ кезең бойынша аспаз, тігінші, сән салоны шебері – бет әрлеуші (визажист) бағыттары бойынша оқу курстары, шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.
ІІІ кезең жобаға қатысушыларға грант беру бойынша оқу курстарын сәтті аяқтаған қатысушыларға өз істерін бастауға тауарлы грант беріледі.
«Іскер ана» жобасы аудан орталығы Мақат кентінде жүзеге асырылады. Жоба аясында тұрғындардың жалпы қамтылуы 30-адаманан кем емес.
Э.МУСИНА,
«АЙНАЛАЙЫН БАЛАДАН» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ