Талап босаңсыса, жұмыс осалсиды

(0 Votes)

Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыруды мақсат еткен басқосуда аудандық мәслихат депутаттары, аудандық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасының орындалу барысы туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлжанар Өтешова, бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді пайдаланылғаны туралы ауданық эконмика және қаржы бөлімінің басшысы Светлана Сарбалиева, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасының орындалу барысы туралы өкпе ауруларға қарсы күрес ауруханасының бастауыш партия ұйымының төрағасы Ахметжан Жұмағалиев баяндады.

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін тоғызыншы міндет етіп тапсырғандығы белгілі. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда қоғам болып атсалысудың маңызы жоғары. Мәселеге орай қоғамдық кеңес төрағасы Аманияз Қабдолов сөз алып, сыбалас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қатарын түрлендіру, оған жоспар жасақтауды сұрады. Кеңес мүшелерінің ұсыныс пікірлерін назарға алынып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты шаралар атқару үшін қаулы қабылданды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521