Рәміздерге құрмет көрсетілді

(0 Votes)

Мемлекеттік рәміздер күні ауданда патриоттық рух сыйлар шаралар ұйымдастырылды. Аудандағы мемлекеттік мекеме ұжымдары Доссор кентінде салтанат құрған шеруге ерекше құрметпен қатысты.

Әр ұжымның абыройын асқақ ұстап келетін азаматтар еліміздің көк туын көтеріп, саптық шеруде бой түзеді. Шеруде Доссор кенті әкімі аппараты, Ардагерлер, Доссор мәдениет үйі, Р.Ғабдиев атындағы Доссор балалар өнер мектебі, аудандық мемлекеттік мұрағаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тарихи-өлкетану мұражайы, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі, С.Шарипов атындағы мектеп интернаты, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебі, А.Құнанбаев атындағы орта мектебі, «Сандуғаш» бөбекжай бала-бақшасы, «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы, «Қызғалдақ» санаторлы типті бала-бақшасы, «Ботақан» бала-бақшасы, Доссор селолық ауруханысы, Атырау облыстық фтизиопульмонологиялық бөлімшесі, кәсіпкерлер, Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымдары айтулы күнге арнайы жасалған мемлекеттік байрағымызды ұстап шықты. Жүзге тарта шеруге қатысушы кенттің орталық көшесімен бойлай жүріп, мәдениет үйі алаңына тоқтады. Алаңға мемлекеттік Ту әкелініп, Әнұранға құрмет көрсеткен шеруге қатысушылар кеуделеріне қолын қойып, мәтінді бірге шырқады.

Ресми мерекемен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Тілек Нүрпейсов ширек ғасырда мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосып, ел тәуелсіздігін сезінген аудан халқын елтаңбасын тұмардай қастерлеп, әнұранымен жалындап, көк туымен арқаланып жүруге шақырды. Тәуелсіз ел азаматтарының отансүйгіштік қасиеттерін оятуға ерекше ықпалы зор мәдени-көпшілік шараға қатысқан аудандағы мекеме, кәсіпорын ұжымдары мемлекеттік рәміздердің әр кеудеге жалын сыйлайтын қасиетін ұғынып, көркемөнерпаздар коллективтерінің патриоттық тақырыптағы концерттік бағдарламалары көрерменді рухтандырды. Аудан ардагерлері мен жастар мерекелік лебіздерін сабақтады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521