Доссор кентіндегі №212 сайлау учаскесіне барлығы 1045 сайлаушы тіркелген. Сағат 16:50 бойынша олардың 850-і дауыс беріп үлгерген.
"Дәлме-дәл сағат 07:00-де сайлау учаскесінің есігі ашылды. Ол уақытқа дейін екі бақылаушы іште болған еді. Бұрынғы сайлаулармен салыстырғандағы байқаған айырмашылығым, адамдар мейрамға келгендей көтеріңкі көңіл-күймен таңдауларын жасауда. Бізден алдын ала "есептен шығару куәлігін" алып кеткендер болғанымен, бізге ондай құжатпен ешкім келмеді. ЕҚЫҰ-нан келген халықаралық байқаушылардан ешқандай сын-ескертпе естіген жоқпыз",- дейді комиссия төрайымы Қания Қайрлғужиева.
Тағы бір қоса кететіні, Ботақан мен Қарсақ кен орындарында қызмет атқарып жүрген мұнайшыларға көшпелі урна апарылған.
А. Есжан