Сайлауға немерелерін ерте келді

(0 Votes)

Ауданда бүгінгі кезектен тыс Президент сайлауына дауыс берушілер арасында отбасымен, балаларымен келіп жатқан тұрғындар жетерлік.

Солардың қатарында ардагер мұнайшылар  Қожахметовтар отбасы да бар.

“Доссормұнайгаз” МГӨБ-да отыз бес жылға жуық қызмет атқарған Жоламан Қожахметов және Есен Жұмағалиева бұл науқанға немерелерін де ерте әкеліпті. Аңсаған Жоламан биыл алғаш рет дауыс беріп жатқан жас сайлаушы. Олар Доссор мәдениет үйінде орналасқан №212 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Оларға сайлау учаскесі атынан естелік сыйлық табыс етілді. 

– Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Себебі біз балаларымыздың болашағы жарқын болғанын қалаймыз. Сондықтан да мен отбасыммен бірге өзіміз таңдаған кандидатураға дауыс бердік, – деді Жоламан Қожахметов. 

Жалпы ауданда сайлауға дауыс беру қарқынды өтуде. Дауыс беруге келген халықтың қарасы қалың.

М.Серікқызы

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT